20 шілдеде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховты ұсталды. Оны Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен ұстаған. Бұл туралы комитет хабарлады. 

Ол жемқорлық жасады деген күдікке ілінген. 

Комитет қазір бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру және барлық қажет жедел-тергеу іс-шарасы жүріп жатқанын хабарлады. 

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы бойынша, өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.