Шығыс Қазақстандағы шекаралық жерлер мемлекетке қайтарылды
Кейбір жер телімдері бойынша сот ісі басталды.Бір ғана Абай ауданында Қазақстанның 11 мың гектар шекаралық аумағы мал шаруашылығына заңсыз берілген, деп хабарлады облыс прокуратурасы.
Жергілікті атқарушы органдар тарапынан аталған заң бұзушылық фактісін Үржар ауданының прокуратурасы анықтады. Оның өтінішінен кейін 7800 гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Қайтарылған жер телімдерінің құны 9,2 млн теңгеге бағаланды.
"Қалған учаскелер бойынша жерлерді мемлекет меншігіне қайтару туралы талап арыздар қозғалды", – деп жазылған хабарламада.
Оқи отырыңыз: Жер телімін қалай үлкейтіп, бөлуге болады? Маңызды сұрақтарға жауап