Талғар қаласында болған қанды оқиғадан кейін қала әкімі мен оның орынбасары қызметтен босатылды, деп хабарлады аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

"Талғар қаласының әкімі Қуатбекұлы Бахыт Күрішбеков, Талғар қаласы әкімінің орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін лауазымдарынан босатылды. Басқа лауазымдағы қызметкерлердің жауапкершілік деңгейі пысықталуда", – делінген хабарламада. 

Еске салайық, 4 қазанда Талғар қаласында болған қайғылы оқиға – кәмелет жасына толмаған Шерзаттың өлімі қоғамдық резонанс тудырды. Осыған байланысты жеті адам қамауға алынды. Бұл істі бас прокурор мен ішкі істер министрі өз бақылауына алды.

Кейін, 12 қазанда Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Үй сыртынан канистр мен резеіке қолғап табылған.

Қалада қоғамдық тәртіпті Ұлттық ұлан әскері қадағалауда.


Оқи отырыңыз: 16 жастағы баланың қазасы: сот Талғарда жеті күдіктіні 2 айға қамады