Шерзаттың өлімі: Күдіктілердің туыстары істі екіжақты қарауды талап етіп бейнеүндеу жолдады
Олардың айтуынша, Шерзаттың жақындары пышақ пен мылтық алып шығып, жиналған топтың көтеріліп кетуіне себеп болған.Талғарда Шерзат Полаттың өлімі бойынша күдікті ретінде қамауға алынған азаматтардың туыстары бейнеүндеу жолдап, қылмыстық істі екіжақты қарауды талап етті.
Ескерту: Бейнеүндеуде айтылған сөздерді қаз-қалпында беріп отырмыз.
"Біз балаларымыз үшін кешірім сұраймыз. Балалардың солай істегеніне... Бірақ та, Нұрқанат та (Шерзаттың ағасы – авт.), Қаржаубай (Шерзаттың әкесі – авт.)да жауапқа тартылсын. Біз соны тілейміз. Екі жақты бірдей қараңыздар. Не де болса, бір жақты кінәлауға болмайды. Мылтықты Нұрқанат алып шықты, машинасынан алып шығып балаларға қарата атты. Балалар тыныш тұрған жерінен Шерзат марқұм бір баланың жағын сындырды. Ойламаған жерден ұрып жіберген. Өздері мылтық, пышақ алып шықты. Содан жігіттер көтеріліп кетті", – деді күдіктілердің туыстары.
Олардың айтуынша, оқиға болған орынға келген жастар дәмханада отырған кезінде Жархан хабарласып, соған топ болып барған. Алайда, жастардың арасында Дарханды танымайтындар да болған.
"Біздікі дұрыс емес. Бірақ, балаларды спровоцировать етпесе, бәрі тыныш шешіліп, әркім үйіне кететін. Олар бір шакал емес, жиналып алып топтасып әдейі барған жоқ. Олар Шерзатты өлтіреміз деп барған жоқ. ОПГ да емес. Бәрінің үй-жайы бар балалар. Олар кафеде өздерімен-өздері отырған балалар. Бәленің бәрі сол Дарханнан басталған. Ол жерде Дарханды танымайтын балалар да болған. Ол Қаржаубайдың танысы. Нұрқанатпен бірге арақ ішіп жүрген адам. Шындық керек болса, осындай шындық болсын", – деді күдіктілердің туыстары.
Олардың сөзінше, істе түсініксіз жайттар және Шерзаттың әкесі Қаржаубайдың сөзінде де өтірік көп.
"Қаржаубай басынан өтірік айтты. Хутор деген келіп үйімді өртеді. Қай-қайдағы танымайтын Хасан деген кісіні алды да, оны қосып жіберді. Дұрыс емес қой. Енді біз Хасанды да танымаймыз деп отыр. Олай екі сөйлемеу керек. Қаржаубай жігіт пе, жігітше пышақ алып келді ме, жігітше болсын. Нұрқанат атты ма, атты. Оны бәрі біледі. Біз баланың қырқына дейін үндемей отырдық. Кішкентай балалар да кетіп жатыр. Сабақта отыратын балалардың бәрін де қамады. Олай болса, Қаржаубайды да қамасын", – деді күдіктілердің туыстары.
Еске салайық, 4 қазанда Талғар қаласында болған қайғылы оқиға – кәмелет жасына толмаған Шерзаттың өлімі қоғамдық резонанс тудырды. Осыған байланысты жеті адам қамауға алынды. Бұл істі бас прокурор мен ішкі істер министрі өз бақылауына алды.
Кейін, 12 қазанда Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Үй сыртынан канистр мен резеіке қолғап табылған.
Осы оқиғадан кейін Талғар қаласының әкімі мен оның орынбасары қызметтен босатылды.
2 қарашада Алматы облысының полиция департаменті Хасан Қасымбаевтың ұсталғанын хабарлады. Алайда, Полиция департаментінің мәліметінше, оған 3 жыл бұрын болған қылмыстық іске қатысты айып тағылуда.
Оқи отырыңыз:
- Талғардағы Шерзаттың өлімі: Хасан Қасымбаев қамалды
- Талғардағы Шерзаттың өлімі: марқұмның әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды ма
- Шерзат Болаттың өлімі: Талғар ауданы әкімінің аппарат басшысы қызметінен босатылды
- "Канистр мен резеңке қолғап табылды". Талғардағы қаралы үй оқыстан өртенбеген