Мемлекет басшысының жарлығымен Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда сайты. 

Серік Шәпкенов 1979 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауылында туған.

Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін "экономист-математик" мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолын 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастады. Түрлі жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты құрылымында жұмыс істеді. 


Оқи отырыңыз: Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды


2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды. 2015-2016 жылдары – ҚР президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 

2016-2018 жылдары – Атырау қаласының әкімі.  

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.

Еске салсақ, Нұрлыбек Нәлібаевтың Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалғаны туралы хабарлаған едік.