Семейде анасына қысым көрсеткен ер адам 10 тәулікке қамалды
Семей қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты анасын қорлап, оған қысым көрсеткен ер адамның ісін қарап, оны әкімшілік қамауға алды. Бұл туралы Абай облысының соты хабарлады.
Сот материалдарына сәйкес, ер адам бұған дейін де анасына қысым көрсеткен. Осыған байланысты полиция 2026 жылғы 14 ақпанда оған анасымен байланысқа түспеу туралы қорғау нұсқамасын берген. Алайда ер адам нұсқаманы бұзып, анасының үйіне барып, оны балағаттап, құрметсіздік танытқан.
"Сот отырысында азамат өз кінәсін толық мойындаған. Нәтижесінде, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған қорғау нұсқамасын бұзғаны және анасының тыныштығын бұзғаны үшін ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды", – делінген хабарламада.