Семей қаласының үш эвакуциялық пунктіне 150-ге жуық адам көшірілген
Қалада 9 эвакуациялық пункт жабдықталған, олар 800 адамды қабылдауға дайын.Семей қаласының үш эвакуциялық пунктіне 150-ге жуық адам көшірілген. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Үш эвакуациялық пунктке Талица, Половинки, Бұлақ ауылының тұрғындары орналасқан. Бұлақ ауылының тұрғындарының айтуынша, олар өздерін жақсы сезінеді, азық-түлік және қажетті заттармен қамтамасыз етілген.
"Кеше қатты түтін шығып, әкімдік төтенше жағдай қызметкерлерімен бірге бізді эвакуациялады. Эвакуация жақсы өтті, бізді автобуспен Семей қаласына жеткізді. Мұнда бізге өрт аяқталғанша күту үшін қажет нәрсенің бәрі бар", – деді Жиенгүл Құрмашова.
Табиғи апат аймағында қалған адамдар өрт болған жерде әкімдік еріктілермен бірлесіп тұрғындарға жан-жақты көмек пен қолдау көрсететінін айтты.
Айта кетейік, қалада 9 эвакуациялық пункт жабдықталған, олар қажет болған жағдайда 800-ге жуық адамды қабылдауға дайын.