Абай облысында прокуратура "Семей орманы" МОТР қызметкерлері жалған дипломмен жұмысқа орналасқанын анықтады, деп хабарлайды прокуратура.

Резерваттың бес қызметкері, оның ішінде бір филиал басшысы жоғары оқу орындарын бітіргені туралы жалған дипломмен жұмыс істеген.

"Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университеттің мәліметіне сәйкес аталған қызметкерлерге диплом берілмеген", – делінген хабарламада.

Осы фактілер бойынша ҚК 385-бабының 3-бөлігі (жалған құжаттарды жасау, дайындау немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін полицияға жолданды.