2022 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде пилоттық режимде іске қосылған "Күміс университет" жобасы басқа өңірлерде де жүзеге асады, деп мәлімдеді ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек. 

Университеттер базасында ашылғалы отырған бұл орталықтарда зейнет жасындағы және осы жасқа таяған қарияларға қолдау көрсетіледі. Сондай-ақ, жоба егде жастағы азаматтарға қаржы сауатын арттыруға көмектеседі. 

"Күміс университет" жобасы пилоттық режимде сәтті жүзеге асып, 2 мыңдай адам курс оқыды. Енді тағы 70 ЖОО-да осындай орталық ашу университеттердің үшінші миссиясы болмақ. Сондай-ақ, бұл бастаманы барлық ректор қолдап отырғанын айта кету керек", – деді Саясат Нұрбек. 


Оқи отырыңыз: