UFC президенті Дана Уайт қазақстандық Шавкат Рахмоновтың 16 қыркүйек күні октагонға шығатынын жариялады. Бұл жолы оның қарсыласы америкалық Кевин Гастелум болмақ, деп хабарлады Sports.kz

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов жартылай орташа салмақ дәрежесінде алтыншы орынға ие. Ол бұған дейін 5 рет UFC турнирінде жұдырықтасса, олардың бәрінде де мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Соңғы ретте ол америкалық Джефф Нилден басым түскен болатын. 


Оқи отырыңыз: "Головкиннің ізбасарлары". Қазақстанды әлемге танытып жүрген спортшылар кімдер?