Сауда министрі: Қазақстан азық-түліктің 40 пайызын Ресейден алады
Қазақстанда тұрақтандыру қорының жұмысы өзгереді.Тұрақтандыру қорының механизмін өзгертеміз, деді Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин үкімет кулуарында.
"Себебі, оны күнделікті пайдалану дұрыс емес. Отырған шенеуніктердің сауда-саттықта тәжірибесі жоқ. Қазір немесе жазда сатып алып, керек кезде сату керек. Маусымдық болуы керек. Қазір Ауыл шаруашылығы министрлігі өзгерістерді дайындап жатыр", – деді Серік Жұманғарин.
Министр азық-түлік бағасына Ресей рублінің де әсер етіп отырғанын айтты.
"Баға тұрақты болуы үшін біз өз-өзімізді азық-түлікпен қамтамасыз етуіміз керек. Азық-түлік қауіпсіздігін жоғарылату керек. Қазір азық-түліктің 40 пайызы Ресейден келеді. Ресейдің рублі бұрын 4 теңге еді, қазір – 8 теңге. Ресейдің өзінің азық-түлік инфляциясы – 15 пайыз. Қалай баға тұрақтайды?" – деді министр.
Министр министрліктің мақсаты бағаның өсу серпінін тұрақтандыру екенін еске салды.