"Сатиралық жазбалары үшін емес". Полиция QazNews24 паблигінің авторы не үшін қамалғанын айтты
Алматы қаласының полиция департаменті QazNews24 паблигінің авторы Темірлан Еңсебекке қатысты қылмыстық істің оның сатиралық жазбаларымен байланысты емес екенін мәлімдеді.
Полиция мәліметінше, қылмыстық істің себебі – ұлтаралық араздықты қоздыру және этностардың бірінің өкілдерін қорлау белгілері бар материалды жариялау болған.
"Бұл біздің көпұлтты елімізде, Конституцияға сәйкес, ешкімнің шығу тегі, ұлты, тілі, діні немесе басқа да себептер бойынша кемсітуге ұшырамауға тиіс қоғамда мүлдем жол берілмейтін жағдай", – делінген хабарламада.
Полицейлер іс ҚР қылмыстық кодексінің 174-бабы (әлеуметтік, ұлттық немесе діни араздықты қоздыру) бойынша қозғалғанын атап өтті.
Темірлан Еңсебекті қолдаған бірнеше азамат рұқсат етілмеген пикеттер өткізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Полиция заңды бұзуға жол берілмейтінін ескертті. Сонымен қатар тергеу органдары қазіргі уақытта азамат Е. өзінің Instagram-арнасына жариялаған әннің авторларын анықтаумен айналысып жатыр.