Тікелей эфир

ІІМ шетелдегі Қазақстан азаматтарына алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

Фото: stock
Фото: stock
Полиция азаматтарды сақ болуға және күмәнді ұсыныстарды қабылдамауға шақырды.

Ішкі істер министрлігі шетелдегі Қазақстан азаматтарына алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті, деп хабарлайды Polisia.kz

"Біздің мыңдаған азаматтарымыз шетелдерде оқуда немесе жұмыста. Олар өзара Telegram және WhatsApp-чаттарын құрып, ақпарат алмасып, бір-біріне көмектеседі. Мұны алаяқтар да пайдалануы мүмкін. Қаскөйлер осындай чаттарға қосылып, өздерін қазақстандық азамат ретінде таныстырып, әдеттегіден тиімді шарттармен валюта айырбастау қызметін ұсынады", – делінген хабарламада.

ІІМ мәліметінше, бірақ ақшаны ауыстырғысы келетіндерді байланыстырмай, алаяқтар криптовалюта сатумен айналысатын адамдардың немесе дроптардың шоттарын жібереді.

"Түскен қаражатты алғаннан кейін олар хат-хабарларды өшіріп, чаттардан шығып кетеді. Кореяда, Қытайда және АҚШ-та осылай алдау жағдайлары орын алды. Азаматтарды сақ болуға және күмәнді ұсыныстарды қабылдамауға шақырамыз", – делінген хабарламада.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары