Пара алды деген күдікпен ұсталған Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкірге қатысты іс қалалық сотқа жіберілді. Алғашқы сот отырысының күні 11 наурызға белгіленді.

"Шапағат Әубәкірге ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы, 2-бөлігі – "Аса ірі мөлшерде пара алу" бойынша айып тағылды. Досбол Мейірбекке ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабы, 2-бөлігі – "Пара беру" бойынша айып тағылды", – деп жазылған хабарламада.

14 ақпанда Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкірдің пара алды деген күдікпен ұсталғаны белгілі болды.


Оқи отырыңыз: Археологтардан пара алған күдікті қамауға алынды


1983 жылы туған Шапағат Әубәкір өткен жылдың қаңтарында Сәтбаев қаласының әкімі болған. Оған дейін қала әкімінің орынбасары болған.