Самұрық-Қазына "Қазақстан халқына" қорына аударатын қаржы 3 жылда пайдаланылмаса, кері қайтарылады
Қор жыл сайынғы таза табысының кемі 7 пайызын «Қазақстан халқына» қорына аударуы тиіс."Ашық НҚА" порталында "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының таза табысынан "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына қаражат бөлу қағидасының жобасы жарияланды.
Жобаға сәйкес, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры жыл сайынғы таза табысының ең кемі 7 пайызын "Қазақстан халқына" қорына аударады. Алайда бұл үшін "Қазақстан халқына" қоры тарапынан қажет қаражат сомасы және оның қандай мақсатқа жұмсалатыны айқындалған сұрау болуы тиіс. "Самұрық-Қазына" аударатын қаражат сомасы осы сұрауға орай қарастырылып, нақты шешімді қор акционері, яғни ел Үкіметі шешеді.
Ал егер сұрау салынған қаражат 3 жыл ішінде кәдеге жаратылмаса, онда ақша "Самұрық-Қазына" қорына қайтарылады және қайта сұралмайды.
Құжат жобасы 30 қаңтарға дейін жария талқылауда болады.
Оқи отырыңыз: "Хабар" агенттігін енді "Самұрық-Қазына" қоры қаржыландыруы мүмкін