"Самұрық-Қазына" қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов баспасөз брифингінде қорға қарасты компаниялардың құнын арттыру жоспары туралы баяндады. 

Қор активтерінің 2023 жыл басындағы құны 72 млрд долларды құраған болса, жыл соңына дейін 78 миллиард долларға дейін артуы тиіс. Қордың болжамы осындай. 

"Мен Қордың активтерін, ұлттық байлығымызды сақтап қана қоймай, олардың ашықтығын, тиімділігін арттыруым қажет деп санаймын. Мен Қорды активтерінің жалпы құны 72 миллиард АҚШ доллары болған кезде басқаруды қолға алдым. 2026 жылдың соңына дейін Қор активтерінің құны, яғни Қазақстан халқына тиесілі кәсіпорындар мен компаниялардың құны 100 миллиард долларды құрауы үшін бар күшімді салғым келеді. Бұл мақсатқа жету оңай емес, бірақ бізде оған қажетті барлық мүмкіндіктер бар екеніне сенімдімін", – деді Нұрлан Жақыпов.

Оның айтуынша, қордың таза пайдасы мұнай бағасының түсуіне қарамастан, 2022 жылғы деңгейден төмен болмайды деп жоспарланып отыр.


Оқи отырыңыз: Самұрық-Қазына "Қазақстан халқына" қорына қаржы аударғанда еншілес ұйымдарының табысы есепке алынбайды