Прямой эфир Новости спорта

Самұрық-Қазына "Қазақстан халқына" қорына қаржы аударғанда еншілес ұйымдарының табысы есепке алынбайды

Сәйкесінше, 7 пайыз қаражат тек бас компанияның таза табысынан ғана аударылады.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Ашық НҚА порталында "Самұрық-Қазына" қорының таза табысының кем дегенде 7 пайызын "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына аудару тәртібін нақтылайтын қаулы жобасын жариялады. Сәйкесінше, Үкіметтің 2023 жылғы 31 наурыздағы № 273 қаулысына өзгеріс енгізу жоспарланып отыр.

Атап айтқанда, өзгерту тек таза табыстың қандай қаржылық есептілік негізінде есептелетініне қатысты. 

"Қор жыл сайын жеке (шоғырландырылмаған) аудиттелген қаржылық есептілік негізінде қоғамдық қор үшін қордың таза кірісінің кемінде 7 (жеті) пайызы мөлшерінде қаражат бөледі", – делінген қаулының жаңа нұсқасында.  

Сәйкесінше, "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына ақша аудару кезінде табыс тек "Самұрық-Қазына" қорының бас компаниясының табысы есепке алынады. Яғни, еншілес компаниялардың таза табысы ескерілмейді. 


Оқи отырыңыз: 


"Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының 3.17-тармағына сәйкес шоғырландырылмаған қаржылық есептілік бас ұйымның, бірақ оның еншілес ұйымдарының емес, активтері, міндеттемелері, меншікті капиталы, кірістері мен шығыстары туралы ақпарат беруге арналған", – делінген түсіндірме жазбада. 

Еске салайық, "Самұрық-Қазына" қорының Экономика және жоспарлау департаментінің директоры Мират Өтепов 2022 жыл қорытындысы бойынша қордың таза табысы 1,85 трлн теңге шамасында болатыны туралы болжам жасаған болатын. 

Құжат 7 маусымға дейін жария талқыға ұсынылған. 

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары