Орталық сайлау комиссиясы бір мандатты округтер бойынша 2023 жылғы 19 наурызда өткен сайлау нәтижесін жариялады. 

Бір мандатты округтер бойынша мәжіліске өткендер:

  • Алматы қаласы №3 сайлау округі бойынша – Ермұрат Бапи (23 690 дауыс), №4 сайлау округі бойынша – Ерлан Стамбеков (15 930 дауыс), №5 сайлау округі бойынша – Бақытжан Базарбек (22 685 дауыс);
  • Астана қаласы №1 сайлау округі бойынша – Дәулет Тұрлыханов (71 698), №2 сайлау округі бойынша – Дәулет Мұқаев (51 769);
  • Шымкент қаласы №6 сайлау округі бойынша – Данабек Исабеков (21 098), №7 сайлау округі бойынша – Болатбек Нәжметдинұлы (19 851);
  • Абай облысындағы №8 сайлау округі бойынша – Нұртай Сабильянов (131 872);
  • Ақмола облысындағы №9 сайлау округі бойынша – Айна Мысырәлімова (154 587);
  • Ақтөбе облысындағы №10 сайлау округі бойынша – Қазыбек Әбішев (238 195);
  • Алматы облысындағы №11 сайлау округі бойынша – Ардақ Назаров (122 242), №12 сайлау округі бойынша – Данияр Қасқарауов (153 225);
  • Атырау облысындағы №13 сайлау округі бойынша – Әділ Жұбанов (107 973);
  • Батыс Қазақстан облысындағы №14 сайлау округі бойынша – Абзал Құспан (126 784);
  • Жамбыл облысындағы №15 сайлау округі бойынша – Мұқаш Ескендіров (99 021), №16 сайлау округі бойынша – Гүлдара Нұрымова (190 078);
  • Жетісу облысындағы №17 сайлау округі бойынша – Руслан Қожасбаев (132 678);
  • Қарағанды облысындағы №18 сайлау округі бойынша – Құдайберген Бексұлтанов (132 471), №19 сайлау округі бойынша – Арман Қалықов (145 228);
  • Қостанай облысындағы №20 сайлау округі бойынша – Еркін Әбіл (181 175);
  • Қызылорда облысындағы №21 сайлау округі бойынша – Мархабат Жайымбетов (148 646);
  • Маңғыстау облысындағы №22 сайлау округі бойынша – Еділ Жаңбыршын (117 880);
  • Павлодар облысындағы №23 сайлау округі бойынша – Амантай Жарқынбек (168 625);
  • Солтүстік Қазақстан облысындағы №24 сайлау округі бойынша – Еркебұлан Мамбеков (153 736);
  • Түркістан облысындағы №25 сайлау округі бойынша – Қайрат Балабиев (142 595), №26 сайлау округі бойынша – Ұласбек Сәдібеков (92 445), №27 сайлау округі бойынша – Темір Қырықбаев (117 584);
  • Ұлытау облысындағы №28 сайлау округі бойынша – Ерболат Сатыбалдин (44 406);
  • Шығыс Қазақстан облысындағы №29 сайлау округі бойынша – Лұқбек Тұмашинов (165 596 дауыс жинады).

Оқи отырыңыз:


Партия үміткерлерінен басқа сайлауға бір мандатты сайлау округтері бойынша кандидаттар қатысты. Парламент мәжілісі 98 депутаттан тұрады, оның 29-ы бір мандатты аумақтық округтер бойынша сайланады.