Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарының чемпионы атанды

Ойынның есебі – 5-0.
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында Қазақстанның хоккейден ерлер құрамасы Жапония құрамасын ұтып, алтын медаль алды.
Шайба авторлары:
- Андрей Буяльский (17 минут, 34 секунд)
- Дмитрий Бреус (21:02)
- Роман Старченко (37:59)
- Кирилл Панюков (42:24)
- Кирилл Панюков (44:23)
Топтық кезеңде Қытай (6-1), Жапония, Қытайдың Тайбейі мен Оңтүстік Корея командасын, ширек финалда Қытайдың Гонконгын, жартылай финалда Қытайды тағы тізе бүктірді.
Айта кетейік, бұған дейін әйелдер құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанған болатын.