Садыр Жапаровтың "күйеу баласы" болғысы келген Сабырбеков жайлы жаңа деректер белгілі болды
Оған есірткі таратумен айналысты деген айып тағылып отыр.Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың қарындасы Ләззат Нұрқожаеваның қолын сұраған Афтандил Сабырбеков 3 тамызға дейін қамауға алынған, деп хабарлады 24.kg Бішкектің Первомай аудандық сотына сілтеме жасап.
Афтандил Сабырбеков Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бөлім, 282-бабы (Ірі көлемде есірткі, психотпроты заттарды және олардың баламаларын сату мақсатында заңсыз әзірлеу) бойынша айыпталып отыр.
Басылымның жазуынша, мұнай қылмыс түрі үшін мүлкін тәркілей отырып, 8-ден 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Еске салайық, бұған дейін Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі Садыр Жапаровтың інісінің қызы Ләззат Нұрқожаеваның жігітін құқық қорғау органдары ұстағанын растап мәлімдеме жасаған болатын.
"Президент Садыр Жапаровтың інісінің қызының жігітін құқық қорғау органдары ұстағанын растаймыз. Лаззат Нұрқожоеваның жігіті туралы ақпарат ұшақпен "қыздың қолын сұрау" оқиғасынан кейін белгілі болған. Бұл жас жігіттің басты мақсаты заңсыз әрекеттерін жасыру үшін жоғары жақтан қорғайтын адамдарды ("крыша") табу екені әшкере болды деуге толық негіз бар", делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Садыр Жапаровтың қарындасының қолын тікұшақпен келіп сұраған экс "күйеу бала" қамауға алынды