Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Аскат Алагозов Садыр Жапаровтың інісінің қызы Ләззат Нұрқожаеваның жігітін құқық қорғау органдары ұстағанын растап хабарлады.
"Президент Садыр Жапаровтың інісінің қызының жігітін құқық қорғау органдары ұстағанын растаймыз. Лаззат Нұрқожоеваның жігіті туралы ақпарат ұшақпен "қыздың қолын сұрау" оқиғасынан кейін белгілі болған. Бұл жас жігіттің басты мақсаты заңсыз әрекеттерін жасыру үшін жоғары жақтан қорғайтын адамдарды ("крыша") табу екені әшкере болды деуге толық негіз бар", – деп жазды Аскат Алагозов Facebook желісінде.
Оның сөзінше, президент Садыр Жапаров заңсыз әрекеттерді жасыруға тырыспайды.
Ал ұсталған экс "күйеу бала" мен оның сыбайластарының заңсыз әрекеттерінің жай-жапсары тергеу барысында анықталады.