Садыр Жапаров Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевты мемлекеттік наградаларынан айырды
Алмазбек Атамбаевтың марапаттары мемлекеттік наградалар қорына тапсырылады.
Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров Алмазбек Атамбаевты мемлекеттік наградаларынан айыру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Қырғыз Республикасы президентінің сайты.
Президент жарлығына сәйкес, Алмазбек Атамбаев келесі наградаларынан айырылды:
- "Қырғыз Республикасының Батыры" жоғары дәрежелі айрықша атағы;
- II дәрежелі "Манас" ордені;
- "Данакер" ордені;
- "Данк" медалі.
Сонымен қатар, Алмазбек Атамбаевты марапаттау туралы бұрын шығарылған президенттік жарлықтардың атап айтқанда, 1999, 2007, 2011 және 2017 жылдардағы құжаттар арқылы оған берілген аталған мемлекеттік наградалар мен жоғары дәрежелі айрықша атақтың күші жойылды.
Алмазбек Атамбаевтың марапаттары мемлекеттік наградалар қорына тапсырылады.