Садақ атуды гольф тәрізді дәулетті адамдардың сүйікті ойынына айналдыру қажет, дейді Павлодардағы "Тұран" садақ ату орталығының жетекшісі Аман Егінбай. Ол бұл туралы "Егемен Қазақстан" басылымына берген сұхбатында айтты.

Ол садақ ату өнерін ұлттық кинофильмдерден көріп қызығып, өзі де ұлттық спортты дамытуға ден қойған. Дәстүрлі садақ ату федерациясынан жауынгерлік өнерді үйреніп, қаладағы қымызхана жанынан садақ ату орталығын ашқан. Алайда орталық ашық ауада орналасқандықтан, тек күн жылы мерзімде ғана жұмыс істей алады. Алайда орталық жетекшісі түсетін табыс көлемі де мәз емес екенін айтады. Бар түскен қаражатты нысана материалдары мен жебе сатып алуға жұмсайды. Себебі, бір жарыстың өзінде кемі 2-3 жебе сынып, бірнеше нысана пайдаланылады. 

"Садақ атуды гольф тәрізді дәулетті адамдардың сүйікті ойынына айналдыру қажет. Себебі енді ғана өріс ала бастаған мергендік өнерді өркен­детуге қаражат құю қажет. Мем­лекет тарапынан да зор қам­қорлыққа сұранып тұр", – дейді Аман Егінбай.

Аман Егінбай алдағы уақытта өңірден дәстүрлі садақ ату федерациясының филиалын ашу­ды армандайды.


Читайте также:


Айта кетейік, жыл басында садақ ату өнері ұлттық ойындар қатарына ресми түрде қабылданды.