Руслан Берденов Алматыны дамыту орталығының басшылығына тағайындалды
Ол 29 тамызда Шымкент әкімінің орынбасары қызметінен босаған болатын.
Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденов Алматыны дамыту орталығын басшысы болып тағайындалды. Бұл ақпаратты қала әкімдігі растады.
Руслан Берденов 29 тамызда Шымкент әкімінің орынбасары қызметінен босады.
Еске салайық, 21 сәуірде Руслан Берденовке әкімдік ғимаратының жанында оқ атылды. 20 тамызда сот шабуыл жасаған Ернар Жиенбайды кінәлі деп танып, оны орташа қауіпсіздік деңгейіндегі колонияға 9 жылға бас бостандығынан айырды.
Руслан Берденов 2023-2025 жылдар аралығында Мәжіліс депутат болды.