USD: 466.7 / 469.1
  • EUR: 534.5 / 539.5
  • RUB: 5.63 / 5.75
Тікелей эфир
Алматы +21C
Все города

Сот Руслан Берденовке қастандық жасаған Ернар Жиембайды 9 жылға соттады

Фото Informburo.kz
Фото Informburo.kz
Сотталушы кінәлі деп танылды.

Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сот үкімі шықты.

Сот әкімнің орынбасарын атқан Ернар Жиембайды кінәлі деп тапты. Ол тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ, яғни, Ернар Жиембайдың адвокаттары үкіммен келіспеген жағдайда шағымдана алады.

Айта кетейік, прокурор Руслан Берденовті атқан Ернар Жиембайды 11 жылға соттауды сұраған еді.

Еске салайық, оқиға 21 сәуірде Шымкент әкімдігі ғимаратының жанында болды. Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке оқ атқандар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау