Республикалық жолдағы шұңқырларға 1403 байланыс орталығы арқылы шағымдануға болады
Көлік министрлігі мен ҚазАвтоЖол "Халықтық бақылау" жобасын іске қосты.ҚР Көлік министрлігі мен "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ бастамасымен республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының сапасын тексеру бойынша кең ауқымды "Халықтық бақылау" жобасы іске қосылды, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі. Жоба қоғамның еліміздегі жол нысандарының сапасын арттыруға белсенді қатысу үшін бағытталған.
"Халықтық бақылау" жобасының мақсаты – Қазақстанның әрбір азаматы салынып жатқан республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша қоғамдық бақылауға шақыру. Көлік министрлігі өз кезегінде анықталған кемшіліктер мен мәселелерге ден қойып, оны қысқа мерзімде шешуді қамтамасыз етеді", – делінген ресми хабарламада.
Қазақстандықтар жолдағы шұңқырлар мен тесіктерді байқаған жағдайда 1403 байланыс орталығына хабарласып, өтінім қалдыра алады. Тіркеу кезінде аты-жөнін, байланыс нөмірін, сондай-ақ тұратын елді мекен мен облысты көрсету қажет.
Оқи отырыңыз: Алматы көшелеріндегі шұңқырларға Telegram арқылы шағымдануға болады