USD: 474.1 / 476.9
  • EUR: 554.0 / 559.0
  • RUB: 6.31 / 6.43
Тікелей эфир
Алматы +13C
Все города

Алматы көшелеріндегі шұңқырларға Telegram арқылы шағымдануға болады

Арыз-шағым Almaty_Joly Telegram-арнасының чат-ботына қабылданады.

Алматыда мегаполис тұрғындары қала жолдарындағы шұңқырлар және оларды жөндеу бойынша өтініш бере алады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Ол үшін @AlmatyJolybot чат-ботына жол инфрақұрылымына арналған арнайы Telegram-арнаға мыналарды жіберу қажет:

  • өтініш мәтіні;
  • фото/жол бейнесінің ақауы;
  • мекенжайы және нақты координаттары;
  • байланыс деректері.

"Келіп түскен өтініштер өңделгеннен кейін әрбір жағдай бойынша жол төсеміндегі кемшіліктерді жою үшін шаралар қабылданатын болады. Сонымен қатар, Almaty_Joly Telegram-арнасында жол-жөндеу жұмыстары, қалалық көлік жұмысындағы өзгерістер туралы ақпарат жарияланатынын хабарлаймыз", – делінген қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.


Оқи отырыңыз: "Жол белгісін қазанға қақпақ етеді". Көлік апатының жиілеуіне не себеп?


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз