Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы мәліметінше, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 16:00-дегі жағдай бойынша республика бойынша дауыс берген азаматтардың үлесі 64,43%-ды құрады.

Осы уақытқа дейін 8 029 286 азамат бюллетень алған.

Сурет: election.gov.kz

Өңірлер бойынша дауыс беруге қатысу көрсеткіші төмендегідей:

  • Абай облысы – 69,29%
  • Ақмола облысы – 71,33%
  • Ақтөбе облысы – 77,65%
  • Алматы облысы – 68,23%
  • Атырау облысы – 64,33%
  • Батыс Қазақстан облысы – 60,61%
  • Жамбыл облысы – 70,31%
  • Жетісу облысы – 68,5%
  • Қарағанды облысы – 72,63%
  • Қостанай облысы – 70,96%
  • Қызылорда облысы – 82,02%
  • Маңғыстау облысы – 68,19%
  • Павлодар облысы – 68,41%
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 60,7%
  • Түркістан облысы – 72,39%
  • Ұлытау облысы – 66,5%
  • Шығыс Қазақстан облысы – 78,98%
  • Астана – 47,76%
  • Алматы – 28,16%
  • Шымкент – 72,61%

"Республикалық референдум туралы" Конституциялық заңның 31-бабы 2-тармағына сәйкес, егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысса, референдум өтті деп есептеледі.

Дауыс беру учаскелеріне келу туралы келесі ақпарат жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де жарияланады.