Рейстер кешігіп жатыр: Алматы әуежайы жолаушыларға үндеу жасады
Алматы халықаралық әуежайы бүгін, 2025 жылғы 22 қаңтарда ауа райының нашарлауына байланысты жолаушыларға үндеу жасады.
Алматы халықаралық әуежайы ауа райының нашарлауына байланысты әуежайдың өндірістік қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлайды.
"Қардың қарқынды жаууына орай ұшақтарға мұздануға қарсы өңдеу қызметтерін көрсетуге шектеулер енгізілді. Барлық қызмет рейстердің кешігуін азайту және операциялардың қалыпты тәртібін қалпына келтіру үшін қажет шараларды қолдана отырып, күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Жолаушылардан рейстердің ағымдағы статусын ұшар алдында әуежай мен әуекомпаниялардың ресми сайттарынан тексеруді сұраймыз. Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс айтамыз", – делінген хабарламада.