Референдумды қолдау үшін арнайы қоғамдық штаб құрылды
Штаб жетекшісі болып Төлеубек Мұқашев тағайындалды.Елде референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабы құрылды, деп хабарлайды штаб баспасөз қызметі.
Штабтың үйлестірушісі болып Қазақстан мәслихаттары депутаттарының республикалық бірлестігі белгіленді. Оның жетекшісі – Төлеубек Мұқашев.
"Республикалық штаб конституциялық реформалардың негізгі ережелерін кеңінен түсіндіруді ұйымдастырумен айналысады. Жұмыс еліміздің барлық өңіріндегі әртүрлі атаулы топтармен жүргізілетін болады. Бұл үшін республикалық штабқа кірген ұйымдардың желілік құрылымын ескере отырып, оның өкілдіктері барлық облыс пен республикалық маңызы бар қалаларда жұмыс істейді", – делінген хабарламада.
Республикалық штаб өкілдері қоғамдық күштер мен ел азаматтарына алдағы референдум аясында азаматтық белсенділік танытуға шақырды.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстан Конституциясына өзгерістер енгізу туралы референдум 5 маусымда өтеді
- Қазақстан Конституциясына қандай өзгерістер енгізіледі? Жобаның толық мәтіні