Референдумды қолдау үшін арнайы қоғамдық штаб құрылды

Штаб жетекшісі болып Төлеубек Мұқашев тағайындалды.

Елде референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабы құрылды, деп хабарлайды штаб баспасөз қызметі. 

Штабтың үйлестірушісі болып Қазақстан мәслихаттары депутаттарының республикалық бірлестігі белгіленді. Оның жетекшісі – Төлеубек Мұқашев.

"Республикалық штаб конституциялық реформалардың негізгі ережелерін кеңінен түсіндіруді ұйымдастырумен айналысады. Жұмыс еліміздің барлық өңіріндегі әртүрлі атаулы топтармен жүргізілетін болады. Бұл үшін республикалық штабқа кірген ұйымдардың желілік құрылымын ескере отырып, оның өкілдіктері барлық облыс пен республикалық маңызы бар қалаларда жұмыс істейді", – делінген хабарламада. 

Республикалық штаб өкілдері қоғамдық күштер мен ел азаматтарына алдағы референдум аясында азаматтық белсенділік танытуға шақырды.


Оқи отырыңыз: 


 

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз