Астана қаласында Ораза айында арнайы тегін бағдарлар ұйымдастырылды, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Қала тұрғындарына ыңғайлы болуы үшін автобустар тарауық намаз аяқталғаннан кейін қала мешіттерінен бірнеше бағытта жүреді.

Олар "Республикалық бас мешіттен" жүретін бағдарлардың бағыты;

  • "Целинный" ықшам ауданы;
  • Гребной каналы;
  • Республика даңғылы.

"Әзірет Сұлтан" мешітінен жүретін бағдарлардың бағыты:

  • "Спутник" супермаркеті;
  • ТЖ вокзалы;
  • "Көктал-1, 2" ТА.

Оқи отырыңыз: Қазақстандағы ислам банкингі: Шариғат қағидалары мен қаржы заңдылығы қалай сақталады?


"Әбу Насыр әл-Фараби" мешітінен жүретін бағдарлардың бағыты:

  • "Көктал-1,2" ТА;
  • ТЖ вокзалы;
  • медициналық колледж.

"Сәдуақас қажы Гилмани" мешітінен жүретін бағдарлардың бағыты:

  • "Көктал-1,2" ТА;
  • "Кирпичный" ТА.

"Рақымқызы Райса ана" мешітінен жүретін бағдардың бағыты:

  • "Рахмет" СО.

Оқи отырыңыз: Бас мүфти: Ата-бабамыздың салт-дәстүрі – тұнып тұрған Ислам діні