Нәтижесінде, осы ұңғымалар арқылы Бәйтерек, КБИ, Шанхай, Әл-Фараби мөлтек аудандарының тұрғындарына жоғары қысыммен сапалы ауыз су берілуде. 

Сонымен қатар, аймақ басшысының қолдауымен қала орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлерге жоғары қысыммен ауыз су беру үшін насос қондырғылары сатып алынды. Оған облыстық бюджеттен 620 млн. теңге бөлінді. 

Айта кету керек, Қызылорда қаласы бойынша тозығы жеткен ауыз су және кәріз су желілерін қайта жаңғыртуға республикалық және облыстық бюджеттен 3 млрд. 907 млн. теңге қаралды. Бөлінген қаражатқа 7 жоба жүзеге асырылуда.