Қызылорда: шет аймақ тұрғындары сапалы ауыз су тұтынуда

Республикалық бюджеттен бөлінген 1 млрд. 111 млн. теңгеге "Бәйтерек" тұрғын ауданынан 7 дана ұңғыма қазылып, 3 дана резервуар орнатылды.

Нәтижесінде, осы ұңғымалар арқылы Бәйтерек, КБИ, Шанхай, Әл-Фараби мөлтек аудандарының тұрғындарына жоғары қысыммен сапалы ауыз су берілуде. 

Сонымен қатар, аймақ басшысының қолдауымен қала орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлерге жоғары қысыммен ауыз су беру үшін насос қондырғылары сатып алынды. Оған облыстық бюджеттен 620 млн. теңге бөлінді. 

Айта кету керек, Қызылорда қаласы бойынша тозығы жеткен ауыз су және кәріз су желілерін қайта жаңғыртуға республикалық және облыстық бюджеттен 3 млрд. 907 млн. теңге қаралды. Бөлінген қаражатқа 7 жоба жүзеге асырылуда.

       

 

 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз