"Жастар" жеңілдік картасы көмегімен 15 пен 25 жас аралығындағы жолаушылар қала маңына қатынайтын пойыздарда 25% жеңілдікпен жүре алады. Бұған дейін жеңілдік Алматы 2 – Орал, Алматы – Петропавл, Алматы 2 – Маңғыстау, Атырау – Алматы 2, Нұрлы Жол Астана – Шымкент станциялары қатынасындағы коммерциялық пойыздарға (турист, купе, плацкарт) ғана қолданылған, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі. 

"Жеңілдік картасының қолданылуы 2023 жылдың 1 қыркүйегінен 31 желтоқсанына дейін пойыздардың жөнелту күнімен қала маңы қатынасындағы пойыздарға пилоттық режимде жүргізіледі", – деп жазылған баспасөз хабарламасында.

"Жастар" дисконттық картасын "Жолаушылар тасымалы" АҚ билет кассаларында ресімдеуге болады. Оның құны – 3000 итеңге. Жарамдылық мерзімі – іске қосылған сәттен бастап 1 жыл.


Оқи отырыңыз: Магистратураға білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды


BILET.RAILWAYS.KZ сайтында және "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның  барлық билет кассаларында теміржол билеттерін сатып алу кезінде "Жастар" картасын пайдалануға болады.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты "1433" тегін нөмірі және KTZH_PP_BOT Telegram боты арқылы алуға болады.

"Қала маңындағы тасымалдар" филиалын құрумен қала маңындағы және жолаушылар пойыздарының тізбесі:  

р/с

Пойыздар

 

Қатынас

Жүру жиілігі

1

7502/7501 жүрдек

Нұр-Сұлтан-1 – Павлодар

Күнделікті

2

7507/7508 жүрдек

Нұр-Сұлтан НЖ-Көкшетау-1

Күнделікті

3

6829/6830

6831/6832

Нұр-Сұлтан-1-Көкшетау1

Ерейментау – Нұр-Сұлтан-1

Күнделікті

4

6803/6804

Нұр-Сұлтан НЖ – Атбасар

Күнделікті, сейсенбі, сәрсенбіден басқа

5

7553/7556 скор

Қараганды - Нұр-Сұлтан-1

Күнделікті

6

6857/6858

Қараганды – Нұр-Сұлтан-1

Күнделікті

7

459/460

Өскемен-1 - Достық

Күн ара (жазғы)

8

6842/6841

Шалқар-Сексеуіл

Күнделікті

9

6815

Қараганды-Шоқай

Күнделікті

10

6868/6869

Теміртау-Ақадыр

Күнделікті. сейсенбі, бейсенбіден басқа.

11

6867

Калагир-Теміртау

Күнделікті

12

6952/6951

Шоқай-Калагир-Қарағ. сұрып

Күнделікті

13

6876

Теміртау-Калагир

Күнделікті

14

606/605

Қараганды-Балқаш-2

Күнделікті

15

6894/6893

Балқаш-1-Саяқ

Сенбі, жексенбі және мереке күндері (6890/6889 пойызына тіркеме, дүйсенбі-жұма)

 

 

16

6958/6957

Түркістан-Сарыағаш

дүйсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі

17

6937/6938

Шымкент-Түркістан

сейсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі, жексенбі

18

6844/6843

Қызылорда – Түркістан

Күнделікті, сейсенбі, сәрсенбіден басқа

19

6969/6970

Сарышаган - Шу

Күнделікті

20

6981/6982

Отар - Шу

Сенбі, жексенбі және мереке күндері