Қыркүйектен бастап докторанттар 217 мың теңге шәкіртақы алады. Смайылов қаулыға қол қойды
Алматыда 1 қыркүйектен бастап жоғары оқу орындары мен колледждердің 115 мыңнан астам студенті жоғары стипендия алып отырады.Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда ай сайынғы мемлекеттік стипендиялардың мөлшері ұлғаяды. Үкіметтің тиісті қаулысына ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов қол қойды.
Оңтүстік астанада 35 жоғары оқу орны мен 85 колледж бар. Бұл нормаға ЖОО-ның 95 мың студенті енеді.
Алматыда ЖОО 191 мыңға жуық студентінің 95 мыңға жуығы жоғары стипендия алатын болады. Қалған 96 мыңы – ақылы бөлімде оқитындар:
- бакалавриат – 81,4 мың;
- магистратура – 8,6 мың;
- докторантура – 2,1 мың;
- резидентура – 1,1 мың;
- интернатура – 1,8 мың;
Сондай-ақ, колледждердің 20 303 оқушысы жоғары стипендия алатын болады.
Оқи отырыңыз: 41 мыңнан 217 мың теңгеге дейін: Студент, магистрант, докторанттардың стипендиясы қаншаға артады?
Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, стипендия мөлшері: бакалавриат студенттеріне – 20%, магистратура – докторантура шеңберінде оқитындарға – 15%, ТжКБ студенттеріне – 50% артады.
Стипендияның келесі өлшемдері белгіленді:
- докторанттарға (оның ішінде "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша) – 217 500 теңге;
- "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттарға – 111 579 теңге;
- магистрантарға – 97 024 тенге;
- интерндерге – 75 890 тенге;
- жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық бағыттары бойынша және "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша оқитын студенттерге – 67 200 теңге;
- жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге, "Денсаулық сақтау" бағытындағы педагогикалық дайындық бағыттары бойынша оқитын студенттерді қоспағанда – 41 898 теңге;
- жұмыс біліктілігі бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге – 32 681 теңге.
Оқи отырыңыз: 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап студенттер қанша теңге стипендия алады? Жаңа нұсқа