Қыркүйекте Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 18 жастан асқан азаматтар волонтер ретінде қатыса алады. Бұл үшін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми сайтындағы "Ерікті бол" бөлімінде сауалнаманы толтыру қажет. 

Іріктеуден өткен волонтерлер спортшылар мен қонақтарды күтіп алу, қонақ үйге жатқызу, мәдени шараларды ұйымдастыру сынды түрлі жұмыстарға тартылады. 


Оқи отырыңыз: 


Еске салайық, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары биыл 8-14 қыркүйек аралығында Астана қаласына өтеді. Оған жүзден астам елден 4 мыңға жуық спортшы қатысып, сонымен қатар 100 мыңнан астам турист келеді деп жоспарланып отыр. 

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында ұлттық ойындардың жиырма түрінен (ат спорты, күрес, садақ ату, жамбы ату, арқан тарту, саятшылық және тағы басқа) жарыстар және ұлттық өнердің ондаған түрінен арнайы көрсетілім сайыстары ұйымдастырылмақ.