Қырғызстанда президент Жапаров премьер-министр Жапаровқа сөгіс жариялады
Көрші елдің Білім министрлігі мектеп мұғалімдерін ноутбукты несиеге алуға мәжбүрлеген.Қырғызстан президенті Садыр Жапаров мектеп мұғалімдерін сапалы ноутбуктермен қамтамасыз ете алмаған үкімет басшысы Ақылбек Жапаров пен елдің бірқатар лауазымды тұлғаларына сөгіс жариялады, деп хабарлады Қырғызстан президентінің ресми сайты.
Сөгіс алғандар қатарында келесі қызмет иелері бар:
- ҚР Министрлер кабинетінің төрағасы – ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров;
- ҚР Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Еділ Байсалов;
- ҚР Білім және ғылым министрі Догдуркул Кендирбаева;
- ҚР Білім және ғылым министрінің цифрлық даму жөніндегі орынбасары Лира Самыкбаева;
- ҚР Президенті әкімшілігі басшысының президент пен министрлер кабинетінің шешімдерін дайындау жөніндегі орынбасары – желілік саясат бөлімінің меңгерушісі Жипариса Рысбекова;
- ҚР Президенті әкімшілігінің президент пен министрлер Кабинетінің шешімдерін дайындау жөніндегі салалық саясат бөлімінің бас сарапшысы Медербек Омурбеков.
Еске салайық, Қырғызстан Парламентінің депутаты Айсұлу Мамашова мектеп мұғалімдерін ноутбук сатып алуға мәжбүрлеп жатқан Білім және ғылым министрлігін сынға алған болатын. Оның айтуынша, мұғалімдер амалсыздан техниканы несиеге рәсімдеп алып жатыр. Елдің құзырлы министрлігі үш жылда мұғалімдерді ноутбукпен қамтамасыз ету міндетін алдына қойғанымен, бұл істі сапалы орындамаған.
Оқи отырыңыз: "Жүз жыл өтсе де, тәуелсіз ел болдық деп жырлай береміз бе?" Садыр Жапаров қырғыз әнұранын өзгерту жайлы