Садыр Жапаров бұл видеоны Facebook әлеуметтік желісінде жариялады. 

"Құрметті жерлестер! Табиғатымызға жанашырлықпен қарап, бір-бірімізді бақылап, тәрбиелейік, бір-бірімізге үлгі болайық. Табиғатымызды басқа жерден келген адам тазартып бермейді. Бір күнмен өмір сүрмейік. Ертең балаларыңыз, арғы күні немерелеріңіз осында келіп демалады", – деп жазды Қырғызстан президенті Садыр Жапаров. 

Loading...

Видеода ол Қырғызстанның табиғатының әсемдігін суреттейді. Сондай-ақ, кей адамдардың тауда демалған соң қоқысын жинамай, қалдырып кететінін сынайды. Бұл ретте ол қырғызстандықтарды тек қана өзінің қоқысын жинамай, тауда көзі шалған өзге қоқысты да жинай кетуге шақырды. 


Оқи отырыңыз: Қырғызстанда утиль алымы туралы заң күшіне енді