Тікелей эфир

Қырғызстанда утиль алымы туралы заң күшіне енді

Утиль алымының мөлшерлемесін ел үкіметі бекітеді.

Қырғызстанда бүгін утиль алымы туралы заң күшіне енді. Соған байланысты, елдің бірқатар заңына өзгерістер енгізіледі. 

Заң бойынша, утиль алымы майлар, аккумулятор батареялары, қорғасын батареялары, электромобильдерге арналған батареялар, автодөңгелектер, электр және электр техникалық жабдықтар, тұрмыстық техника, ішкі жану қозғалтқышының фильтрлері, картон, резина, пластмасса, полимерге енгізілген. 

Енді Қырғызстанның министрлер кабинетінің алдында утиль алымының мөлшерлемесін бекіту міндеті тұр. 

Сондай-ақ, заң аясында қырғызстан аумағына импортталатын келесі тауарлар утиль алымынан босатылады: 

  • Тегін көмек немесе мемлекет, үкімет, халықаралық ұйымдар арқылы қайырымдылық мақсатта жеткізілген тауарлар;
  • Елшілік өкілдіктер немесе консулдық мекемелер, халықаралық ұйымдарға, сондай-ақ олардың қызметкерлері мен отбасыларына тиесілі тауарлар;
  • Ұлттық қауіпсіздікті, қорғанысты, құқық қорғау қызметін қамтамасыз ететін және төтенше жағдайды жоюға бағытталған тауарлар. 

Оқи отырыңыз: Қазақстанда утиль алымы жойылмайтын болды


 

Серіктестер жаңалықтары