Қырғыз үкіметінің басшысы министрлердің тойға баруына тыйым салды
"Ысырапшылдық бар жерге аяқ баспаңдар" деді Акылбек Жапаров.Қырғызстанның премьер-министрі Акылбек Жапаров үкімет мүшелерінің тойға баруын сынға алды, деп хабарлады 24.kg.
Акылбек Жапаров мемлекет басшысының жарлықтарының сапалы және уақытылы орындалуы қажеттігін айта келе, той өткізу кезіндегі ысырапшылдыққа жол бермеу және көп көп мал соймау туралы жарлықтың орындаоуына ерекше тоқталған.
"Ысырапшылдық бар жерге аяқ баспаңдар. Тойға баруды тоқтатыңдар", – деді Акылбек Жапаров.
Оқи отырыңыз: "Қонақты ру мен жүзге бөлу дұрыс емес". Қазақстанда той мәдениеті неге ақсап тұр?
Басылымның жазуынша, 2022 жылы Қырғызстанда салтанатты шараларды өткізудегі шектеулер туралы президент жарлығы қабылданған. Оның мақсаты – халықтың әлеуметтік және экономикалық әл-ауқатын арттыру, діни рәсім, салтанатты шаралар кезінде ысырапшылдыққа және мол мал шығынына жол бермеу. Бұлар қоғамның рухани көңіл-күйіне теріс әсер етеді.
Құжат "Қырғыз Республикасында отбасылық салтанаттар мен ас беру рәсімдерін реттеу шаралары туралы" деп аталады.
Оған сәйкес, парламент, үкімет мүшелері мен мемлекеттік қызметкерлерге отбасылық, мерейтой шараларын және ас беру рәсімдерін көп қаржы шығындамай және көп мал соймай өткізуге кеңес берілген. Бұл арқылы олар елдің өзге азаматтарына үлгі болуы тиіс.