Қырғызстан үкіметі 2025 жылғы қаңтардың басында жеті күндік демалыс жариялау туралы қаулы жобасын қоғам талқысына ұсынды. 

Оған сәйкес, бес күндік жұмыс аптасы режимінде еңбек ететін қызметкерлер 2025 жылғы 1-7 қаңтар аралығында демалады. 

"Демалыс күндерін және мерекелік күндерді тиімді пайдалану мақсатында жекеменшік заңды тұлғаларына осы қаулыға сәйкес, келесі жылы демалыс күндерін ауыстыруды ұсынамыз", – делінген қаулы түсіндірмесінде. 

Ал қолданыстағы заңнама бойынша Қырғызстанда бұл уақыт аралығында тек 1 қаңтар (Жаңа жыл мерекесі) және 7 қаңтар (Роджество күні) ғана демалыс болып есептеледі. 

Еске салайық, жаңа 2025 жылдың 1 қаңтары сәрсенбіге сәйкес келеді. Қазақстан заңнамасына орай, 1-2 қаңтар (сәрсенбі және бейсенбі) мереке күндері болып есептеледі, 3-қаңтар (жұма) – жұмыс күні. 

Кейін екі күндік (4-5 қаңтар) демалыстан кейін, бір күн жұмыс істеген соң, Қазақстан азаматтары 7 қаңтар күні Рождество діни мерекесіне орай тағы бір күн демалады. 

Әзірге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі демалыс күндерін ауыстыру туралы хабарлаған жоқ. 


Оқи отырыңыз: ҚМДБ 2025 жылғы діни күндер кестесін бекітті. Ораза 1 наурыздан басталады