Тікелей эфир

ҚМДБ 2025 жылғы діни күндер кестесін бекітті. Ораза 1 наурыздан басталады

Ораза айт 30 наурызға, ал Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымға сәйкес келеді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2025 жылғы діни күндер кестесін бекітті. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлап, 2025 жылғы діни күндер күнтізбесін жариялады. 

2025 жылғы діни күндер кестесі. Графика: ҚМДБ ресми сайты

Жария болған кестеге сәйкес, 2025 жылы Рамазан айы 1 наурыз бен 29 наурыз аралығына сәйкес келеді. Қадір түні – 26/27 наурыз.

Ал Құрбан айт 6-8 маусым аралығында мерекеленеді.

"Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді", – делінген хабарламада. 


Оқи отырыңыз: 


 

Серіктестер жаңалықтары