Қырғызстанда белгілі ғалым, академик Илгиз Айтматов 93 жасында өмірден өтті. Бұл туралы оның қызы Жәмилә Айтматова хабарлады. 

Фото: Sputnik, Табылды Кадырбеков

Илгиз Айтматов – белгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың інісі болып келеді. Шыңғыс Айтматов 2008 жылы қайтыс болған еді. 

Илгиз Айтматов – тау геомеханикасының маманы. Ол 1990-1993 жылдары Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының президенті қызметін атқарған. 260-тан астам ғылыми жұмыс пен 15 ғылыми жаңалықтың авторы. 

2003 жылы ІІІ дәрежелі "Манас" орденімен марапатталған.