ҚР Үкіметі қабылдаған қаулы бойынша, жұмыс барысында денсаулыққа және өмірге зиян келуі қаупімен байланысты жұмыс үшін қазақстандық құтқарушыларға қосымша ақы төленеді. 

"Қосымша ақының мөлшері лауазымдық жалақының 70 пайызын құрайды. Ол жедел-құтқару жасақтары, Республикалық жедел-құтқару жасағы, Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлеріне және "Қазселденқорғау" ММ-нің құтқару функциялары бар негізгі қызметкерлеріне төленеді" делінген Үкімет хабарламасында. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қосымша ақыны 2 мыңнан астам құтқарушы алады. 

Қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда қорықшылардың лауазымдық еңбекақысы 2 есе артады