Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігі Құрбан айт намазының кестесін жариялады. 

Инфографика: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

Айт – арабшадан аударғанда, «мейрам" деген мағынаны білдіреді. Айт намаздарының уәжіптігі Құран мен сүннетке сүйенеді. Біріншісі – Рамазан айты, екіншісі – Құрбан айт. Айт намазы – екі рәкат. Жамағатпен жария түрде оқылады. Азан мен қамат оқылмайды. 


Оқи отырыңыз: Онлайн құрбан шалуға арналған сайт іске қосылды. Қой мен сиырдың бағасы қанша


Тілімізге еніп кеткен "құрбан" сөзі араб тілінде "жақындау" деген мағынаны білдіреді. Алла Тағаланың разылығына жақындау ниетімен құрбан айт күндерінде шалынатын арнайы малдың аты.

Құрбан шалу – Алла Тағаланың берген сансыз нығмет-несібелеріне әрі жылдан жылға аман-есен жеткенге шүкіршілік ретінде һәм жыл бойы жіберген күнә-қателіктерді жуу үшін орындалатын ғибадат. Сондай-ақ, мұсылман шалған малының етінен бала-шағасына, ағайын-туысына, көршілеріне таратады, кедейлердің де аузы қызылға тиеді. Сол арқылы қоғамдағы береке-бірлік, ынтымақ, жанашырлық, ағайындық, татулық арта түседі.