Бірқатар бағыт бойынша теміржол билеттеріне қысқы жеңілдіктер ұсынылады, де хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.  

Жеңілдіктер дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері жолға шығатын пойыздарға қолданылады. 

№11/12 "Алматы – Шымкент" бағытындағы "Тальго" пойызы:

  • Жеңілдік түрі: Турист "2Д" орындары;
  • Жеңілдік мөлшері – 25%. 

№65/66 "Астана – Қызылорда" бағытындағы "Тальго" пойызы:

  • Жеңілдік түрі: үстіңгі орындар;
  • Жеңілдік мөлшері – 25%.

№105/106 "Алматы – Петропавл" бағытындағы "Тальго" пойызы:

  • Жеңілдік түрі: үстіңгі орындар;
  • Жеңілдік мөлшері – 25%.