Қостанай облысында жаңа ауылдық округ құрылады
Жақында ғана 25 елді мекені таратылған Қостанай облысында жаңа ауылдық округ құрылады.Ашық НҚА порталында әкімдік қаулысы мен мәслихаттың бірлескен шешім-жобасы жарияланды.
"Степное ауылын округ орталығы деп белгілеп, құрамында Жітіқара ауданының Степной және Аққарға ауылдары бар Жітіқара ауданының Степной ауылдық округі құрылсын", – деп жазылған Ашық НҚА порталында.
Құжат облыс әкімі мен мәслихат төрағасы қол қойып, ресми жарияланғаннан 10 күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда тағы бір ауылдың атауы қазақшаланады.