Қостанай облысында көпқабатты үйлерді кәріз суы басып қалды
Тұрғындардың айтуынша, бұл мәселе көптен бері шешілмей келеді.Қостанай облысында көпқабатты үйлерді кәріз суы басып қалды. Оқиға 18 тамызда Бейімбет Майлин ауданы Тобыл кентінде болған.
Жергілікті "Наша газета" басылымының Instagram-парақшасында хабарланғандай, жертөлелерді кәріз ағынымен су басудың алдын алу үшін жергілікті тұрғындар үйлерінің жанында құм үйінділерін жасады.
Үй иелерінің айтуынша, бұл мәселе көптен бері шешілмей келеді, ал оқиға болған күні телефон арқылы "Тобыл МКК" шебері ғана жауап берді. Алайда тек 19 тамыз, дүйсенбіде ғана көмек көрсетуге уәде етілді.
"Элеваторная көшесі, № 66 үйде тұратын ер адамдар бұзылған кәрізбен өз бетінше күреседі: олар құм алып, жертөлеге енетін кәріз ағындарын толтырады", – деді жергілікті тұрғын.
Кейінірек кентте бүкіл шағынаудан мен вокзал маңындағы алаң су астында қалды. Сонымен қатар бірқатар көппәтерлі үйлердің тұрғындары зардап шекті.
Тұрғындардың айтуынша, олардың ауылы экологиялық апаттың алдында тұр.