Қазақстанда тасқын басталғалы 3500 жуық тұрғын үйді су басты

Саяжайларда су астында қалған баспаналардың саны екі мыңға жетіп қалды.

55 түрлі нысан қызыл судың құрсауында қалған, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Осы уақытқа дейін 98 мың адам қауіпсіз жерге көшірілген. Олардың 33 мыңы – бала. Ал уақытша орналастыру пункттерінде 7 мың адам бар.

Қазір Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарына тасқынмен күреске 30 мың адам мен 3 мың техника жұмылдырылған. Қауіп сейілмеген аймақтарда тұрғындарды эвакуациялау, жағалауды нығайту, бөгет орнату сияқты жұмыстар әлі де жүргізіліп жатыр.


Оқи отырыңыз: СҚО-дағы су тасқыны: Роман Скляр Петропавл қаласында ауыз су сапасын бақылауды күшейтуді тапсырды


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз